386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жолақы жеңілдігін жойған автопарктер ісі сотқа жіберілді

  • 110
  • UPD: 21:37, 07.08.2019
Өскеменде жолақы жеңілдігін жойған автопарктер ісі сотқа жіберілді

Өскеменде жолаушы тасымалдаушы бірнеше автопарк қала әкімдігін сотқа берді.

Шаһардағы адам ең көп қатынайтын бағыттарда қызмет көрсететін кейбір компаниялар жолақы жеңілдігін жойып, билет құнын жалпыға бірдей етіп теңестірген. Тұрғындар наразылығынан соң атқарушы билік бұл автопарктерге, ең болмағанда, зейнеткерлер мен 7-ден 16 жасқа дейінгі балаларға берілетін жеңілдікті қалдыру туралы бірнеше өтініш-хат жолдаған. Алайда тасымалдаушы тарап түрлі сылтау айтып, өтінішті аяқсыз қалдырған. Осыдан соң жеңілдікті жойған компаниялармен қала әкімдігі арадағы келісім-шартты бұзу жөнінде шешім қабылдады. Ақыры ортақ мәмілеге келе алмаған қос тараптың ісі сотқа жетті. Қазір қаладағы қоғамдық көліктерде билет бағасы 90 теңге.

Әлібек Тұрсынбетов, қала әкімінің  баспасөз хатшысы: 

- Бұған дейін қалдағы кейбір тасымалдаушы  автокомпаниялар жеңілдікті жойған. Осыдан соң бұл компаниялармен келісім-шартты бұзу жөнінде қала әкмідігі шешіміге келді. Алайда бұған келіспеген тасымалдаушылар істі сотқа берді. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Соттың шешімі шыққанша олар өз маршруттарын жалғастыра беретін болады.

Хабар 24 телеарнасы