386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда облысқа қажетті мамандар үшін 232 білім гранты бөлінеді

  • 146
Атырауда облысқа қажетті мамандар үшін 232 білім гранты бөлінеді

Атырауда биыл өңірге қажетті мамандарды даярлау мақсатында облыстық әкімдіктен 232 білім гранты бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы маман тапшылығын шешуде бірден бір қолдау болып отырған жоба биыл 3 жыл қатарынан жүзеге асырылмақ. Мәселен, өткен жылдарғы гранттар педагогика, медицина, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтарға бөлінген болатын. Биылда Білім және ғылым министрлігі жанынан қосымша көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары үшін тағы да 220 білім гранты тағайындалды. Конкурсқа қатысушылардың дәстүрлі құжаттардан бөлек ҰБТ-дан шекті балы бар сертификаты болуы шарт.

Айнагүл Жұмағазиева, облыстық білім беру басқармасының бас маманы:

– Ең бірінші ҰБТ-ның балына қараймыз. Егер ҰБТ балы бірдей болған жағдайда онда алтын белгі, ғылыми олимпиададан орын алған, спорттық шаралардың жүлдегерлері содан кейін барып аттестаттың орта балы, сосын әлеуметтік жағдайы қаралатын болады.

Хабар 24 телеарнасы