384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрлігі арыстықтарға үндеу тастады

  • 333
Қорғаныс министрлігі арыстықтарға үндеу тастады BNews.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының тұрғындарына үндеу тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының тұрғындарына оқ-дәрілердің бөлшектері мен басқа да күдікті заттар табылған жағдайда мобильді топқа хабарлап, ешқандай дербес іс-қимыл жасамауды сұрайды. Арыс қаласында тұрғындардың өтініштері бойынша әрекет ететін инженер-саперлердің мобильді тобы жұмыс істейтінін еске саламыз. Мамандар қала аумағында табылған заттарды жинау бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді. Инженер-саперлерді шақыру үшін мобильді топтың аға өкілі күн сайын кезекшілік ететін 102 телефонына қоңырау шалып, орналасқан жерін және басқа да қажетті мәліметтерді хабарлау қажет», - делінген мнистрліктің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы