386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армия ойындарында қазақстандықтар үздіктер қатарында

  • 108
  • UPD: 15:35, 10.08.2019
Армия ойындарында қазақстандықтар үздіктер қатарында

Халықаралық армия ойындарында Қазақстан командасы үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Моңғолияда өткен «Аравт» ат марафонында отандастарымыз Қырғызстан мен Ресей құрамасын басып озып, жүлделі екінші орынды иеленді. Бірінші орын Моңғолия құрамасының еншісінде қалды. Бұл жарыс Халықаралық әскери ойындар бағдарламасына биыл ғана енгізілген. Ойынның шарты бойынша сайыскерлер 130 шақырым қашықтықта марафонға қатысып, қысқа қашықтықта эстафетадан өтеді. Жарыс жолы ретінде орманды, су бөгеттері мен құмды жерлер таңдалған. Халықаралық жарысқа қатысқан жерлестеріміз бүгін Таразға келді.  Атты марафоннан жүлдемен оралған әскерилерді туған-туыстары зор қошеметпен қарсы алды.

Мереке Сейсебаев, команда бапкері:

– Халықаралық жарыста екінші орын алдық. Ол екінші орын бірінші рет өтіп жатқан жарыста жеңіс деп есептеймін. Балалардың жағдайы жақсы. Күтіп алып жатқан туған-туыстарына және оркестрге көп рақмет.

Хабар 24 телеарнасы