385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Мектепке жол» шарасы аясында оқу құралдары таратылды

  • 99
  • UPD: 19:39, 13.08.2019
Алматыда «Мектепке жол» шарасы аясында оқу құралдары таратылды

«Мектепке жол» қайырымдылық шарасын Алматыдағы орталық мешіт те өткізді.

Оның аясында әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкелері табысталып, Құрбан айт мерекесіне орай тәттілер салынған қорапшалар таратылды. Игі бастамаға қаланың кәсіпкерлері үлес қосқан. Айта кетейік, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы биыл еліміз бойынша 20 мыңнан астам баланы осындай мектеп құралдарымен қамтымақ. Ал сыйлықтар алматылық мың бүлдіршінге табысталды. «Мектепке жол» шарасы 30 тамызда аяқталады.  

Бауыржан Есмахан, ҚР МДБ Төрағасының орынбасары:

- Мешіттің шаңырағында ұйымдастырылып жатқанының да өзінің бір нышаны бар, өзінің бір белгісі бар. Оның белгісі әрі дүнәуи білімді де жақсы оқуымыз керек, әрі мына жүрегімізге Алла тағаланы сіңіріп, имандылықты сіңіріп, тәртібіміз де жақсы болуымыз керек. Құдай нәсіп етсе, осы балаларымыз еліміздің бірлік береке ынтымағына өркендеп өсуіне үлес қосатын, үлкен азаматта, азаматшалар болып шығады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы