386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наурызбай ауданындағы жағдай жауапты органдардың қатаң бақылауында

  • 103
  • UPD: 13:45, 14.08.2019

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы жағдай жауапты органдардың қатаң бақылауында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, бүгін таңға жақын Алматының Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрген болатын. ТЖД өкілдері халықты құлақтандырып үлгерді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына шұғыл аттанды. Қазір «Қазәуеқұтқару», «Алматы құтқару» қызметінің борттары мен Ұлттық ұланның жеке құрамы дайын тұр. ТЖД-ның барлық қызметтері шұғыл жағдайға әзір. Наурызбай ауданында қауіпсіз жерге көшірілген адамдарды қабылдау үшін эвакуациялық пунктер ретке келтірілді. Осы мақсатта Бостандық ауданында мектеп ғимараты әзірленді. Қарғалы өзенінің арнасында газбен қамту, электр энергиясымен қамту нүктелері ажыратылды. Ал төтенше жағдайға байланысты шұғыл штаб құрылды. Сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пунктері белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы