386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында сотталғандарды азаптағандар қамауға алынды

  • 111
  • UPD: 19:15, 15.08.2019
Алматы облысында сотталғандарды азаптағандар қамауға алынды 112.ua

Алматы облысында сотталғандарды азаптаған 7 түрме қызметкері қамауға алынды.

Сонымен қатар мекеме бастығы мен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотталғандардың арыздары негізінде тергеу бастаған. Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын әлеуметтік желіде Заречный кентіндегі колония қызметкерлері тұтқындарға зәбір көрсетіп, азаптағаны түсірілген бейнежазба тараған еді.

Хабар 24 телеарнасы