387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С.Торайғыров атындағы ПМУ халықаралық технопаркпен келісім жасасты

  • 179
  • UPD: 21:37, 16.08.2019
С.Торайғыров атындағы ПМУ халықаралық технопаркпен келісім жасасты

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен «Астана хаб» халықаралық технопаркі ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Келісім негізінде қос тарап цифрлық технологияларды дамытпақ. Бүгін Ертіс өңірінде екінші аймақтық IT-форум өтті. Ірі отандық және халықаралық компаниялардың өкілдері қатысқан шара ақпараттық қауымдастықтың дамуы мен цифрлық экожүйені дамыту мақсатын көздейді. Айта кетейік, Павлодар облысы бұл бағыттағы жетістіктері бойынша елімізде көш бастап тұр. Форум алаңында ІТ-технологиялардың көрмесі ұйымдастырылды. Павлодарлық мамандар ұсынған 17 жобамен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев танысты. Инновациялық жоба ұсынғандардың қатарында оқушылар да бар.

Әділ Қапаров, Баянауыл ауданы майқайың №2 орта мектебінің оқушысы:

- Бұл зияткерлік үйдің жобасы.  Ақылды үйде қозғалысты анықтау арқылы жарықдиодты лентаны қосатын арнайы датчик бар. Өрт қауіпсіздігін бақылайтын жүйе де орнатылған. Болашақта баспананы басқаратын қосымша әзірлемекпіз.

Тұрлыхан Тоқтағанов, қалалық зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы:

- Бұл балаларға өздігінен білім алуға үйрететін қосымша. Олар биология, математика, физика пәндерін оқу мүмкіндігіне ие болады. Қосымшаның жұмысы қарапайым. Қосымшаға арнайы карточкалар енгізілген, нәтижесінде 3-D модельдер пайда болады. Ал балғындар пәндердің материалдарын өздері меңгере алады.

Хабар 24 телеарнасы