385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жомарт жүректі азаматтар марапатталды

  • 197
  • UPD: 15:19, 19.08.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Жомарт жүрек» жобасы шалғай өңірлерде ерекше қолдау тауып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында игілікті іске белсене атсалысқан азаматтар марапатталды. Бір қуантарлығы, салтанатты кеш барысында меценаттардың бірі баспана зардабын тартып жүрген көпбалалы анаға ерекше сый жасады.

Эльмира Ахметова, тілші:

- «Жомарт жүрек» жобасына белсене қатысқан Зайсан ауданының атымтай жомарттары - осы азаматтар. Бірі өлкенің жас спортшыларына қолдау көрсетсе, енді бірі ауыл тұрғындарының отын-суын алып беруге қол ұшын созған. Тағы бірі өлкенің көркеюіне атсалысты. Ал аудандағы әскери бөлім ұжымы Арыс қаласындағы ағайынды қолдау үшін 1,5 миллион теңге көмек аударған. Көпке үлгі ету мақсатында оларға жұрт алдына құрмет көрсетіліп, «Жыл меценаты» номинациясы табысталды.

Қамбар Чилибаев, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары:

-Шілікті ауылында өздерінің көмегімен минифутбол алаңын салып берді. Азия чемпионатына қатысқан бес спортшы азамат бар, сол аудандағы бір азаматамыз соларды 3 жыл қатарынан жолына демеушілікке ақша шығарып, сондай көмек көрсетіп жатыр.

Дәл осы салтанатты кеш барысында игі бастаманың үлгісі көрсетілді. Аудандағы ата-бабасының басына мінажат етуге келген азамат, баспана мұқтаждығын тартып жүрген ауылдағы көпбалалы отбасына 1 миллион 200 мың теңгеге үй алып берді.

Уатқан Сағида, жыл меценаты:

- Әрдайым көмектесіп тұруға Алла нәсіп етсін. Осы кісілердің осындай жағдайда екенін біліп,к өмектесу үшін осы кісіге біраз көмек атадық.

Дайыр ауылының тұрғыны Мажырайова Альмира 4 баланың анасы. Үлкені онда болса, кенжесі бар болғаны 1,5 жаста.Көп балалы келіншек осы уақытқа дейін үй жалдап келген. Енді мінеки, Қаратал ауылынан берілген баспанасын көріп, балаларымен бірге арқа-жарқа болды.

Альмира Мажырайова, көп балалы ана:

- Бұрынғы тұрған ауылымда жұмыс та жоқ, үй де жоқ,балабақша да болмады. Осы Қараталдан үй алып, енді Алла бұйырса, болашақта жоспарым бар, балаларды балабақашаға беріп, жұмысқа шығып тіршілік етсем деген.

Осылайша, Альмира ары қарай жұмыс істеп, балаларын ел қатарлы өсіруге ниетті.«Жомарт жүрек» жобасының мақсаты да осындай жандарға демеу көрсетіп, үміт сыйлау.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы