387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаты Алматыдағы балалар орталығына барды

  • 89
  • UPD: 22:01, 19.08.2019
Мәжіліс депутаты Алматыдағы балалар орталығына барды

Мәжіліс депутаттары өңірлердегі сайлаушылармен кездесуде. Зағипа Балиева Алматыдағы балаларды оңалту орталығында болып мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен танысты.

Орталық қызметкерлерімен кездесуде  ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  10 тапсырмасы және  Нұр-Отан партиясының әлеуметтік жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Жалпыға бірдей білім беру мен сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі әлі де өзекті. Зағипа Балиева барлық өңірлерде балаларды оңалту орталықтары құрылатынын айтты. «Бүгінгі таңда елімізде 115 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар, олардың барлығына көмек керек» деді мәжіліс депутаты. 

Зағипа Балиева, ҚР Мәжіліс депутаты:

-  Қазір мемлекетімізде мүмкіндігі шектелген балалар  бірнеше аурумен ауырған балалардың жағдайын ойлап, оларды ертерек табу ертерек реаблитациядан өткізу мағынасы өте терең. Себебі ол балалар ертерек реаблитациядан өтсе, ертең елдің қатарына қосылып мектепке бала-бақшаға баруға мүмкіндік туындайды. Сондықтан қажетті жағдайлар қарастырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы