389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандының орталық саябағындағы көл сарқылып барады

  • 135
  • UPD: 09:26, 21.08.2019

Көлдегі су үстіне соңғы жылдары су айтарлықтай лайланып кеткен. Бұл туралы жергілікті тұрғындар дабыл қағып отыр.

Мұрат Қалқабаев, қала тұрғыны:

- Жел тұрса болды, барлық грязь осыған қонады. Ешкім тазаламайды. Бұрын қайықпен жүріп тазалайтын, сүзетін. Ондай қазір жоқ, ешкім қарамайды. 

Саябақтың аумағында үш бірдей көл бар, оған Бұқпа өзені келіп құяды. Әр көлдің арасына шлюз қойылған. Алайда соңғы жылдары бұның барлығы қараусыз қалып, істен шығыпты. Соның салдарынан көлге сырттан су келмейді. Мамандардың айтуынша, бір кездері мұнда миллион текше метрге дейін су құйылып отырған. Екі жыл сайын тазалап, жағалауына құм төгетін. Ал қазір оның бірі де жасалмайды. 

Қайрат Ұрымбаев, Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Шлюз қараусыз қалған. Соның салдарынан тоз-тозы шықты. Бұндай жағдайда жергілікті билік оны коммуналдық меншікке алып, жөндеу жұмыстарына қаржы бөліп отыруы керек.

Хабар 24 телеарнасы