387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі демалыс орындарының қатары тағы бір саябақпен толықты

  • 127
  • UPD: 07:42, 21.08.2019
Өскемендегі демалыс орындарының қатары тағы бір саябақпен толықты

Өскемендегі демалыс орындарының қатары биыл тағы да бір әдемі саябақпен толықты.

Қаланың Октябрьск  ауданынан «Самал» экологиялық-спорттық саябағы ашылды. Аты айтып тұрғандай бұл жерде тұрғындар тек серуендеп ғана қайтпайды. Демалушыларға  1,3 шақырымдық велосипед жолы, үлкен тениске арналған алаңқай, скейт парк сынды мүмкіндіктерді пайдаланып, таза ауада спортпен шұғылдануға жағдай қарастырылған. Аталған парктің жобалық құны 450 миллион теңге. Сонымен қатар шаһардағы Бейбітшілік көшесінің бойында арбат салынып жатыр. Бастапқыда сол маңдағы тұрғындар құрылыс мазамызды алады деп қарсылық көрсеткенмен қазір сәні кіріп келе жатқан алаңқайдың аяқталуын асыға күтуде. Сонымен қатар қалалықтардан түскен өтініштер бойынша аулалар жөнделуде.

Владимир Землянский, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Биыл жалпы 18 ауланы жөндеу жоспарланып отыр,яғни үй аулалары кеңейтіледі, жабыны ауыстырылады. Көгалдандырылады. Негізі бұл шараға ілігетін аулалар тізімі тұрғындардан түскен өтініштер арқылы анықталып отыр. Сонымен қатар түскен шағымдарды ескере келе, биыл  қала шетіндегі 15 көше жөнделді. 35 көше жарықтандырылды.

Хабар 24 телеарнасы