385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың саябағын саялайтын адам болғанымен аялайтын жан болмай тұр

  • 125
  • UPD: 11:22, 21.08.2019

Елордада алдағы 2 жыл ішінде бірнеше саябақ пен гүлбақтар салу жоспарланған. Қуанарлық бастама, құптайтын қадам. Алайда сол саябақтар тағдыры қалай болады. Саялайтын жұрт табылар. Аялайтын ел бола ма. 

Ел астанасы - Нұр Сұлтан! Өзіндік сәулетімен, архитектуралық шешімімен талайды баураған қала. Әсемдігі жайында да айтылып жүр. Қаланың көркемдігіне, тазалығына шек келтіруге болмайды. Саябақтар мен демалыс орындары, биік ғимараттар, зәулім үйлер. Көркі көз тартатын гүлзарлар, жасыл желек жамылған алаңдар. Кешкі сейілге серпін берер жүргінші жолы...Веложолақ... 

Заречный шағын ауданындағы Тұңғыш Президент саябағы. Айналасы зәулім ғимараттар, іскерлер орталықтары. Ал саябақтардың ішіндегі жағдай.. Көрмей көңіл сенбейді демекші, назар аударсаңыз біздің жүрек неге ауыратынын сезе қоясыз. Ия сынған орындық, сиқысыз саябақ. Арам шөп басқан тұстары да аз емес. Қысқасы күтім көрмегені көзге ұрады.

Оң жағалау. Бұрынғы Пушкин атындағы саябақ. Мұнда да шашылған қоқыс, құс біткеннің ұқыпсыз ұясына айналғандай. шашылған қауырсын, жұлынған қанат. Жұпыны бір елді мекеннің елеусіз бағы дерсіз. Уақыт бөліп, асықпай араладық. Ашылған кезіне мүлде ұқсамайтын тозып тұрған саябақ бізге салқын қарағандай болды. Күтім күткен саябақ. Үзілген сымдар, сынған шиша, қобыраған қағаз, аяқ тиген жерде темекі қораптары...

БЛИЦ:

- Қарасаңыз бағана тұр. Ал ол жерде тоқтың сымдары. Балалар сол жерде ойнай бастады. Шешелері көріп қалды, ал егерде көрмегенді не боларын айту емес ойлауға қорқасың.

- Балаларымызға қауіп қатер туралы айтамыз. Енді денсаулықтарын сақтауымыз керек.  Сондықтан қауіпсіздік туралы көп айтамыз.

Енді ролик теуіп, скейтте сырғанайтындар саябағына тоқталайық. Рас бүгінгі заман талабына сай. балалардың еркін демалуына арналған. Скейтін сайлап, роликті байлап келгендерге де абай болған жөн. Қолқаны қабатын иіс өз алдына, жерге орнатылған жарықтардың кейбіреуін қасақана сындырып тастағандай. Бөтеннің ісі немесе төтеннен келген жау емес. Өзіміздің қолтаңба байқалады. Мемлекет мүлкі деп қабылдау. демалыс мәдениетін меңгермеу деген сияқты. Әйтпесе қыруар қаржы бөлініп, әдейі салынған саябақтар көңіл сергітер көрікті демалыс орны болып тұра берер еді ғой.

Жұлдыз Сасанова, қоршаған ортаны қорғау басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- 2019 жылдың басынан қаламызды 1 ботаникалық бақ, 11 саябақ, 6 бульвар,жүзге жуық гүл бақтары бар. Ең ірі саябақтар Есіл өзенінің оң және сол жағалауында, оған қоса ботаникалық бақ. Жалпы ауданы 87,9 гектарды құрайды, 2021 жылғы бірнеше саябақтар, гүлбақтар салуға жоспарланған.

Нұр-Сұлтан қаласын көркейту туралы керемет жоспар жасалғаны анық. Талайы жүзеге асты да. Тіпті осы саябақты да ел игілігі үшін салды. Енді ондағы тазалыққа кім жауапты, қай өкіл бақылап жүреді?

Жұлдыз Сасанова, қоршаған ортаны қорғау басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Бұл бақтар мен саябақтар салынады. Одан ары қарай, оларды аудан әкімдіктерінің құзыретіне береміз.

Қазіргі кезде демалыс бақтары үшін әр ауданның әкімдігі жауап береді екен. Жауапты мамандардың айтар уәжі табылар. Осы материалды дайындау барысында көз жеткізген бір шындық бар. Ол жалпы жауапкершілік. Сіз бен біздің жауапкершілігіміз. Ұқыппен қарап, өз мүлкіміздей сақтасақ, кез келген саябақ елге қызмет етіп, қала кереметінің бірі болып тұра береді.

Авторлары: Мейірлан Алтынбек, Аягүл Бекенқызы, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы