387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытауда халықаралық ауыл жастарының форумы басталды

  • 174
  • UPD: 15:54, 22.08.2019

Ұлт ұясы Ұлытауда дәл қазір халықаралық ауыл жастарының форумы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында ұйымдастырылған шарада қандай мәселелер көтерілмек? Жастар форумына кімдер келді, қандай тақырыптарды қаузамақ?

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Дәл қазір Болатсай баурайында ауыл жастарының форумы басталды. Шараға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және елімізідің 13 өңірінен қонақтар келді. Шамамен 200 адам қатысуда.

Талқыланатын басты тақырып – ауыл жастарының сапалы білім алуына, жұмысқа орналасуына жағдай жасау. Кез келген бастамаларына қолдау көрсету. Қазір кәсіп ашамын деген жастарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Бірақ өкінішке қарай, сол көмекті алудың тетіктерін көпшілігі біле бермейді, мемлекеттік бағдарламалардан бейхабар. Сондықтан келешекте ақпараттандыру жұмыстарына басымдық берілмек. Жалпы бұл форумнан қандай нәтиже күтуге болады, ол туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаевты сөзге тартқан едік, тыңдап көрейік.

Нұржан Жетпісбаев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Форум аясында алты мемлекет жастары арасында арнайы қарар қабылданатын болады. Сонымен қатар жас кәсіпкерлікті дамыту бойынша арнайы меморандум мен келісімдерге қол қою көзделіп отыр. Тәжірибе алмасады. Гранттарды беріледі. Сосын біздің мемлекетіміздегі қолдау шараларын басқа мемлекеттерге түсіндіріп, осы салада тәжірибе алмасу көзделіп отыр.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Форум барысында ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған Қарағанды облысы әкімінің гранты табысталады. 10 адам 10 миллион теңге қайтарымсыз қаржы алмақ. Сондай-ақ түс ауа мұнда түрлі тренингтер, шеберлік сабақтары, тимбилдингтер ұйымдастырылады. Ал ертең келген қонақтар Жастар жылына орай Әулиетауға шығып, ту тікпек.

Хабар 24 телеарнасы