387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WorldSkills 2019: Татарстанда жұмысшы мамандықтар арасындағы әлем чемпионаты басталады

  • 78
  • UPD: 10:41, 23.08.2019

Бүгін Татарстан астанасында жұмысшы мамандықтар арасындағы әлем чемпионаты басталады.

WorldSkills – 2019 бәсекесіне қатысушылар қазір Қазан қаласына жиналып, соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Бізде «Астана Экспо» болса, Ресейде енді «Қазан Экспо» бар. Бұл аумағы 75 гектарды құрайтын алып кешен дәл осы әлем чемпионатына арнайы салынған. Яғни бірнеше бөліктен, бірнеше сектордан тұрады және әрқайсысы ондаған мың шаршы аумақты алып жатыр. Енді әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар дәл осы жерде бір апта бойы өзара мықтыны анықтайды.

Айта кету керек, WorldSkills – бұл жұмысша мамандар арасындағы жарыс. Яғни қарапайым сантехник, шаштараз, официант немесе кірпіш қалаушы осы жерде бастары қосылып, өзара мықтыны анықтайды. Биылғы әлем чемпионатына 63 елден 1400-ге жуық қатысушы келді. Олардың арасында әрине жерлестеріміз де бар. Қазір барлық қонақтар жарыс өтетін алаңдармен танысып, соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ал Қазақстан құрамасы кәсіптік мамандықтың 31 түрі бойынша бақтарын сынайды.

Алина Габдулина, ерікті:

– Татарстан бұл чемпионатты өткізуге ұзақ дайындалды. Мұндай маңызды шараның біздің отанымызда, біздің қаламызда өтуі мақтаныш. Көптеген көшелер жөнделді, гүлге толы бақтар ашылды. Бүгін міне, әлемнің әрбір бұрышынан туристер келуде. Осының өзі мақтаныш емес пе…

Ал бұл – медиа орталық. Яғни 63 елден келген әріптестерміз де енді бір апта бойы тынымсыз еңбек етеді. Қазандағы жарыс 28 тамызға дейін жалғасады. Айта кету керек, WorldSkills бәсекесі осымен қырық бесінші мәрте ұйымдастырылып тұр.

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы