386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясының ақтөбелік мүшелері алға қойған міндетті атқаруға үлес қоспақ

  • 101
  • UPD: 14:34, 23.08.2019

Nur Otan партиясының ақтөбелік мүшелері де алға қойған міндетті абыройлы атқаруға үлес қоспақ.

Ең алдымен халықпен тығыз жұмыс істеп, әрбір мәселенің нақты шешіміне дейін бірге болуды мақсат етіп отыр. «Бұл партияның ел алдындағы жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы өткір проблемалардың түйінін тарқатуға септігін тигізеді» - дейді олар. Бүгінде өңірде партияның 44 500-ден астам мүшесі бар. Түрлі ұжымдарда 251 бастауыш ұйымы жұмыс істейді. Ел ертеңі – жастармен тығыз байланыс орнатылып, олардың идеялары мен нақты жобаларына қолдау көрсетіледі.

Келдібай Еспағамбетов, қоғам қайраткері:

– Бізде адамдар бар, ой-пікірі, халықтың алдында абыройы бар. Соларды Nur Otan партиясына тарту – бұл мүдделі іс. Мұны біз істеуіміз керек, және де партиялық резервтерді, кадр мәселесін қолға алу. Мұны да біз істеуіміз керек. Жас мамандарды тәрбиелеу және жас ұрпақты тәрбиелеу осыны да біз қолға алатын осы партия деп ойлаймын. Сондықтан да бұның алдында міндетті істер көп. Соны іске асыруға партия мүшелері болып, халық болып жұмылып, жұдырықтай жұмыс жасауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы