387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында биыл 7 тауарлы сүт фермасы ашылады

  • 178
  • UPD: 09:53, 25.08.2019

Соның екеуі Панфилов ауданында салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда екі мыңнан аса ірі қара сауылады.

Жәнібек Оханов сүт өндірісін қолға алған кәсіпкер. Ол осыған дейін жем-шөп қорын сақтайтын орын дайындаған. Ал, қазір ірі қараға арналған негізгі кешенді күрделі жөндеуден өткізіп жатыр. Тың салаға түрен салған шаруа Голландияда жинаған бар тәжірибесін өз отанында пайдаланбақ.

Жәнібек Оханов, шаруашылық жетекшісі:

- 1150 сиырға дайындап отырмыз. Әр сиырдан 25 литрдан сүт аламыз ба деп отырмыз. Енді келешекте 25 тоннаның айналасында сүт дайындаймыз.

Панфилов ауданында сүт өндірісі жолға қойылмаған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында биыл екі бірдей ферма ашылады. Қос шаруашылық та заманауи технологиямен жабдықталмақ.

Шухрат Құрбанов, аудан әкімінің орынбасары:

- Қазіргі заман талаптарына сай компьютермен адам күші аз пайдаланылатын малдың температурасын тексеріп, сол арқылы жем-шөбін беретін жаңа технологиямен салғалы жатырмыз. Жалпы құны 2,7 млрд теңге ол Көктал ауылдық округінде. Бүгінгі күнде 700 млн қаражат игерілді. Күзде қыркүйек, қазан айларында мал келеді.

Алматы облысындағы 72 шаруашылықтан жылына 70 мың тонна сүт алынып отыр. Жаңа фермалардың іске қосылуымен бұл көрсеткішті 100 мың тоннаға жеткізу көзделген.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы