Облыстық онкологиялық диспансерге цифрлық маммограф орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Заманауи қондырғының құны – 132 млн теңге тұрады. Оның томосинтез деп аталатын атқарымы обыр ауруын бастапқы сатысында белгілеп береді. Жаңа аппарат әр жасушаны анық көрсетеді. Тексеріс небәрі 20-ақ минутты алады. Мамандардың айтуынша, бұл дертті уақытында анықтап, адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді. Бүгінгі таңда облыс бойынша осы аурумен 2 мыңдай әйел тіркеуде тұр.
Ольга Пукса, облыстық онкологиялық диспансердің сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі:
– Цифрлық маммография қатерлі ісікті бастапқы шағында анықтауға мүмкіндік береді. Оны ультрадыбыстық зерттеу де көрсете алмайды. Сондықтан оның пайдасы орасан зор.