389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда алғашқы медициналық қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 224
  • UPD: 15:23, 31.08.2019
Талдықорғанда алғашқы медициналық қызмет көрсету орталығы ашылды

Талдықорғанның оңтүстік-батысында тұратын 18 мыңнан аса халық енді емделу үшін қаланың орталығына сабылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз үйлерінің жанында қалаған дәрігеріне емделетін болды. Конституция күніне орай шаһардың №6 ықшамауданында алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсету орталығы ашылды. Мекеме бір мезетте 320 адамды қабылдай алады. Науқастарға жалпы тәжірбиедегі дәрігерлермен қатар хирург, офтольмолог, травматолог және кардиолог, психолог сынды аса қажет мамандар қызмет көрсетеді. Олар балалар мен үлкендерді профилактикалық және скринингтік тексерістен өткізеді. Өзге де емдік сауықтыру шараларын жасайды. Емделушілер дәрігердің қарауына онлайн режимінде тіркеле алады. 1200 шаршы метрді алып жатқан ғимарат қазіргі заманға сай технологиямен жабдықталған. Облыс орталығында осындай тағы бір нысан салу жоспарланып отыр.

Бауыржан Ысқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы:

- Еркін поселкесінде біздің медициналық мекеме ескі. Коридорлары талапқа сай келмейді. Сондықтан 18 қыркүйекте байқау жеңімпазы белгілі болады. Солар сала бастайды.

Хабар 24 телеарнасы