386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетақы салымының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін

  • 138
  • UPD: 07:40, 03.09.2019
Зейнетақы салымының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен Ұлттық банкке осындай тапсырма берді.

Яғни, алдағы уақытта жұмыс істеп жүрген адамдар өздерінің зейнетақы қорында жиналған қаржысының бір бөлігін баспана немесе білім алуға пайдалануы мүмкін. «Бұл көптің көкейінде жүрген мәселенің шешімі болар еді», - дейді Президент Жолдауын тыңдаған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек.

Ерден қажыбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры:

- Бұл біздің еліміз бұрыннан көп күткен мәселе. Өйткені, зейнетақы қорында жиналған қаражат сол ақшаның иесіне тиесілі. Зейнетақы қорындағы қаражаттты адамның өзіне керегіне жұмсау мәселесін заңдастыру, бұл демократиялық елдердің қатарына қосылудың жарқын бір көріністері деп есептеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы