386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде баспана алу үшін 512 мыңға жуық адам кезекте тұр

  • 108
  • UPD: 15:34, 03.09.2019

Елімізде жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрғандардың республикалық базасы іске қосылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, қазір баспана алу үшін әкімдіктерде 512 мыңға жуық адам кезекте тұр. Соларды бір жүйеге келтіру үшін ортақ база жасақталмақ.

Жеңіс Қасымбек, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- Біріншіден, көп балалы отбасыларға ақысыз негізде жалдамалы тұрғын үй берілетін болады. Бұл үшін 2025 жылға дейін 350 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үкімет үш жылдың ішінде 30 мың пәтер бөлу бойынша шаралар қабылдайтын болады. Екіншіден, жыл сайын 3700 кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал азаматтарға сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге 32,8 млрд теңге бөлінеді. Үшіншіден, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасыларға, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға несие беруге 3 жыл ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 50 млрд теңгеден бөлінетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет жыл сайын 10 мың пәтер бөлу бойынша шаралар қабылдайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы