389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл құрғақшылық салдарынан 1,5 млн тонна астық кем жиналмақ

  • 358
  • UPD: 15:40, 03.09.2019

Биыл Қостанай және Ақтөбе облыстарында құрғақшылық салдарынан егіс алқабы күйіп кеткен.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

Осыған орай арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар бұл өңірлерді аралап, шаруалардың жағдайын бақылап қайтты. Егіс өнімділігінің төмендігінен зардап шеккен шаруаларға жергілікті билік барынша қол ұшын созатын болды. Ал, жалпы биыл еліміз бойынша егілген барлық дақылдардың көлемі 22,2 млн гектарды құрады. Жиын-терім барысында 5,4 млн тонна егін жиналды.

Атап айтар болсақ, оның орташа өнімділігі гектарына 11,5 центнерді құрап отыр. Жалпы егін жинау науқанына 395 мың тонна арзан жанар-жағармай бөлінген. Жалпы сыйымдылығы 12,4 млн тонна 187 лицензиялық астық қабылдау кәсіпорны дайын  Сонымен қатар осы маусымда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» 1 млн тоннаға дейін астық сатып алуды жоспарлап отыр.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Ауа райының осындай қиын жағдайына байланысты биыл 1,5 млн тонна астық кем жиналмақ. Бірақ бұл ішкі нарыққа қатты әсер етпейді. 19 млн астық жинаймыз десек, оның 9 миллионы ішкі нарыққа, 7-8 млн тоннасын экспортқа шығарамыз. Ар жағында 2 миллионы қалып отыр. Оның үстіне былтырғы жылдан қалған 1,5 млн астық бар.

Хабар 24 телеарнасы