387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас құралына айналуына үлес қосуымыз керек – О.Свет

  • 141
  • UPD: 18:26, 03.09.2019

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту үшін насихат қажет! Оқыту курстарының да жұмысы үздіксіз жүргізілгені маңызды.

Бұл ақтөбелік ұлағатты ұстаз Олег Светтің пікірі. 40 жылдан астам уақыт ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан Олег Григорьевич - өңірдегі тіл жанашырларының бірі. Қазақстанның оқу ісінің үздігі тілді құрметтеу ел азаматтарының парызы деп біледі. Бүгінде облыс тұрғындарының 94 процентке жуығы мемлекеттік тілді меңгерген.

Олег Свет, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

- Мемлекеттік тілдің аясынының кеңеюі ең бірінші әрбір адамның өзінің ұлт жандылық қасиетінде болуы керек деп ойлаймын. Алдағы уақытта мемлекеттік тіл - қазақ тілінің сол ұлтаралық қатынас құралына айналуына көп көңіл бөліп, сол мағынада, сол тұрғыда көп еңбек етіп, өз үлесімізді қосуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы