387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құқық қорғау органдары халыққа жақын болуы тиіс – Сарапшы

  • 137
  • UPD: 14:26, 05.09.2019
Құқық қорғау органдары халыққа жақын болуы тиіс – Сарапшы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттігін айтты.

Бұл сот жүйесінің әлі де жетіліп, толығуын,  реформалардың нәтижелі болуын талап етеді. Осы пәрменді орындау үшін жауапты мамандар Қарағанды экономикалық университетінде Конституциялық кеңес мүшелерімен кездесті. Алдағы уақытта конститутциялық кеңес мүшелері халық пен құқыққорғау органдарының арасын жақындату бойынша бірқатар нұсқаулық ұсынбақ. Мамандар тең құқылы қоғамға қадам басу үшін қарапайым азаматтардың да құқықтарын біліп, оның тапталуына жол бермеуі маңызды дейді.

Унзила Шапақ, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі:

- Кеше президент айтты, халықты тыңдайтын мемлекет құру керек деп. Сондықтан осы тыңдайтын мемлекет негізі конституцияда көзделген құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асуы. Оны қамтамасыз ету мемлекеттік органдар соның ішінде құқық қорғау органдары. Сондықтан құқық қорғау органдарын халықпен жақындату керек.

Хабар 24 телеарнасы