386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да күнбағыс майын өндіру көлемі 32 мың тоннадан асқан

  • 89
СҚО-да күнбағыс майын өндіру көлемі 32 мың тоннадан асқан Устинка

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында күнбағыс майын өндіру көлемі екі жарым есеге дейін артты.

Мәселен, өткен жылдың жеті айындағы көрсеткіш 13 мың тоннаны құраса, биыл ол 32 мың тоннадан асқан. Айта кету қажет, өнімнің басым бөлігі май зауытына тиесілі. Кәсіпорын 2016 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Осының нәтижесінде өңірде майлы дақылдар алқабы артып, енді дайын өнім Қытайға саудаланды. Аталған зауыт Солтүстік Қазақстаннан бөлек Ақмола және Қостанай облыстарының шаруаларынан шикізатты сатып алады. Зауыт жылына 365 мың тонна майлы дақыл өңдей алады.

Талғат Наурызбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Биыл «Тайынша май» зауыты экспортқа 7600 тонна рапс майын өндіріп отыр. 19500 тонна күнжара шығарып отыр. Енді өздерінің өндірістерін кеңейтпекші. Сырттан әкелетін инвестиция 5 миллион АҚШ долларын құрайды. Соның ішінде сыйымдылығы 25 мың тонна болатын бес банканы қойып отыр. Ол жерде сүрлемдер сақталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы