386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде дүниеге кемтар болып келетін балалардың саны артып барады

  • 91
  • UPD: 10:13, 06.09.2019
Елімізде дүниеге кемтар болып келетін балалардың саны артып барады

Әсіресе, целебралды сал ауруына шалдыққандар қатары қазір 17 мыңнан асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкініштісі сол – бұл дерттен құлан таза айығып кету мүмкін емес. Бірақ, арнайы оңалту жұмыстары арқылы баланы аяққа нық тұрғызуға болады. Бұл мәселе Президенттің жолдауында көтеріліп, осы мақсатта 58 миллиард теңге бөлінетіні айтылды. Ал, енді бұл қаржы нақты қайда жұмсалады және елімізде осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқанын әріптесім Аслан Қаженов айтып берсін. 

Блиц:

- Бәрі жақсы сияқты болған. 5-6 айында өзім байқай бастадым. Басын ұстамайды бұл бала. Сосын ойладым, қалай бұл бала басын ұстамайды. Барып көрсетейін дедім дәрігерге. «МРТ түсіріп келіңіз. Диагнозы ДЦП болу мүмкін» деді.

Қазір елімізде кішкентай Айланамен тағдырлас мыңдаған бүлдіршін бар. Өкініштісі сол – ДЦП деген дерттің алдын алу өте қиын. Тіпті әке-шешесінің денсаулығы мықты болып тұрса да, олар қоғаммен бірге өмір сүреді, ортақ ауамен тыныстайды, әртүрлі тағам тұтынады. Сәйкесінше, қауіпті вирус жұқтыруы мүмкін. Ересек адамдар үшін ол қалыпты жағдай сияқты көрінеді. Ал, жатырда жатқан балаға әсері басқаша. Медицина мамандары дәл осындай 400-ге тарта себепті санамалап бере алады.

Шолпан Бөлекбаева, Ұлттық балаларды оңалту орталығының директоры:

- Баланың денсаулығында ақау бары анасының жатырында жатқанда-ақ белгілі болады. Бұрын бұндай жағдайда алдыртып тастауға кеңес беретін. Ал, қазір медициналық ғылымның дамығаны соншалық, жүктілікті соңына дейін жеткізіп, сәбиді дүниеге әкелетін мүмкіндік бар. Одан кейін оның денсаулығын түзеуге бағытталған оңалту жұмыстары басталады.

Мәселенің бәрі осы оңалтуға келіп тіреліп тұр. Өйткені елімізде онымен айналысатын орталықтар саны өте аз. Мәселен, бір мезетте жүздеген адамды қабылдай алатыны жалғыз елордада ғана. Құзырлы министрлікке қарасты қалған 18 орталықтың ондай мүмкіндігі жоқ. Мәселен, Алматыдағы мекеме бір мезетте 60 науқаспен ғана жұмыс жасайды. Ал, целебралды сал ауруына шалдыққандар саны 17 мыңнан асатынын ескерсек, арнайы мекемелердің жетіспеушілігі кәдімдей екені анық байқалады.

Екінші мәселе – арнайы мамандардың тапшылығы. Өйткені бұндай балалармен жұмыс жасау бір ойлағандай оңай емес және оған үйрететін нақты әдістеме де жоқ. Мәселен, оңалту жұмыстарының медициналық, педагогикалық, әлеуметтік деген түрлері бар. Олардың әрқайсысы бірнеше тармаққа бөлінеді. Сондықтан еліміздегі жоғарғы оқу орындары саланы толық қамтып, арнайы мамандар даярлай алмайды. Тек осындай орталықтар ғана өз ішінде біліктілік жетілдіру курстарын ұйымдастырады.

Мейрам Шәкенов, клиникалық оңалту орталығының жетекішісі:

Біздің жұмыс оңай емес. Мамандарымызға біраз физикалық жүктеме түседі. Яғни, әрқайсысы күніне 15-20 баламен жұмыс жасайды. Сондықтан шығар, арамызда ер адамдар көп. Әдетте медициналық мекемелерде нәзік жанды дәрігерлер басым болады ғой. Ал, бұл жерде жігіттер жағы көбіне барлық қиындықты көтеріп, мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуге атсалысып жүр.

Аслан Қаженов, тілші:

- Бұл енді негізгілері ғой. Бұдан басқа да мәселе жетерлік. Бірақ осыған қарап, салада ештеңе атқарылып жатқан жоқ деуге тағы болмайды. Оңалту орталықтарының мемлекеттігі болсын, жекесі болын балаларды аяққа нық тұрғызуға аянбай еңбектенуде. Әсіресе, Үкімет бөлетін квоталар жыл сайын мыңдаған баланың арнайы емдеу және бейімдеу курстарыннан өтуіне мүмкіндік берді. Соның арқасында ауруынан айығып, қатарына қосылып, қоғамға сіңісіп кеткендері қаншама. Айтпақшы, әңгімемізді Айланамен бастап ек қой. Ол да қазір сол квотаның арқасында өздігімен отырып, мойнын ұстап, ойындар ойнап үйренді. Бірте-бірте аяққа тұрып, шауып кетеді деген сенім бар.

Гүлбану Баубаева:

Тамақ ішетін несіне қарап, логопедтер жұмыс жасайды. Балалардың бұлшық еті бос қой. Оған қарап жаттығулар жасайды. Моторикалары дұрыс істемейді. Соны ретейді. Сосын ЛФК бар.Ол кәдімгі дене шынықтыру. Баланы кәдімгідей тартады.

«Президент жолдауында көтерілген мәселе енді саладағы жұмысты жандандыра түсуі керек», - дейді мамандар. Әсіресе, 58 миллиард теңгеге тек инфрақұрылым мен құрал-жабдыққа қатысты емес, шұғыл шешімін іздеген басқа да шаруаларды реттеуге болады. Сәйкесінше, Айлана сияқты балалардың денсаулығын түзеп, арманын орындауға мүмкіндік ашыла түседі.

Авторлары: Аслан Қаженов, Арман Акшабаев

Хабар 24 телеарнасы