387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында бекіре балығын заңсыз аулағандар ұсталды

  • 143
  • UPD: 13:48, 07.09.2019
Атырау облысында бекіре балығын заңсыз аулағандар ұсталды

Атырау облысында жүздеген келі бағалы бекіре балығын заңсыз аулағандар құрықталды.

Каспий теңізінің қазақстандық секторына жүргізілген кезекті рейдтік шара кезінде инспекторлар «Ямаха-200» маркалы қуатты қос моторлы қайықты тоқтатқан болатын. Тексеру барысында браконьерлерден 92 дана бекіре балығының еті мен 300 метр ау құралы табылды. Қазір аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Хабар 24 телеарнасы