389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мектептерде өрт қауіпсіздігі қаншалықты сақталған?

  • 228
  • UPD: 23:05, 07.09.2019

Қостанайдағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары отқа оранған ғимараттан 5 минут ішінде эвакуацияланды.

Бұл – жергілікті құтқарушылар өткізген оқу-жаттығудың нәтижесі. Мұндай шаралар аймақтағы білім беру мекемелерінің барлығында дерлік өтіп, олардың өрт қауіпсіздігін қаншалықты сақтайтындығы тексерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындай хабарламаны естіген оқушылар кабинеттерінен шығып, сыртқа қарай бет алды. Ешқандай үрейсіз, барлықтары қаз-қатар тізілген. Бес минуттан соң балалар мен ұстаздар эвакуациялық есіктер арқылы далаға шықты. Сыныптарда және жатақханада бірде-бір жан қалған жоқ. Мұндай оқу-жаттығу жылына екі рет ұйымдастырылады.

Ырысалды Келінбердиева, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры:

- Эвакуация жоспары жасалынған. Әр мұғалім эвакуация барысындағы өзінің орнын және өзінің атқаратын қызметін біледі. Тек қана әр мұғалім емес, бүкіл персонал. Жауапты мұғалім тұлғалары анықталған. Мектептегі сыртқа шығатын барлық есіктер ешқандай кедергісіз ашылады.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқу жылы басталмай тұрып қосалқы есіктер, электр сымдары мен өрт дабылдағыштарын тексеріп шыққан. Қалалық мектептерде ешқандай олқылықтар тіркелмесе, ауылдық жерлерге әдеттегідей бір бұзушылық тән. Ол жылыту қазандықтарының білім ошағына іргелес орналасуы.

Сайранбек Бекмағамбетов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

Ауылдағы білім ошақтарының басым бөлігінде жылыту қазандықтары іргелес орналасқан. Демек, қызыл жалын бірден оқу ордасын құрсауына алады деген қауіп бар. Алайда, біздің ескертулерімізден соң 22 мектеп қазандықтарды ғимараттан алыс жерге көшірді.

Әлі 29 мектеп қазандықтарды ғимараттан тыс жерге көшірулері тиіс. Бірақ мұның барлығы жергілікті қазынадағы қаражатқа байланысты.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы