387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да да «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушылар қатары артқан

  • 116
  • UPD: 21:33, 08.09.2019
ШҚО-да да «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушылар қатары артқан

Шығыс Қазақстан облысында «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушылар қатары артқан.

Бағдарламаның екі кезеңінде жиын саны 1074 азамат дәріс алған. Бизнестің қыр-сырын үйренгендердің арасында шалғайдағы аудан, ауылдардың жастары көп. Бір ғана Зайсан ауданының өзінен 40-тан астам қыз бен жігіт «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша білім-білігін жетілдіріп, барлығы бизнес жобаларын сәтті қорғап шыққан. Жақында осы ауданның тағы 25 тұрғыны сертификат алды. Біреуі тігін цехын, келесісі шаштараз, сән-салон, енді бірі наубайхана ашуды мақсат қылып отыр. Жастар 3 күндік семинарда кез келген кәсіп неден басталады, оның тиімділігін қайтіп болжау керек және бастысы бизнес жоспарды қалай құру керектігін үйренеді.

Жандос Қабдрасылов Зайсан қаласының тұрғыны:

– Ақпараттық технология саласында шағын кәсіп ашсам деймін. Сондықтан осы семинардан есеп жүргізу, нарықты зерттеуге байланысты өзіме керек көп мәліметтер алдым.

Айдын Қайырбекұлы облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі:

– Бұл жоба 3 күндік семинармен аяқталмайды, Семей қаласында 1 жылға дейін созылатын, консультативтік орталық жұмыс атқарады, ол онлайн жүйесінде де және өздері барлық жабдықтармен тегін консультация немесе отырып жұмыс істейтін барлық мүмкіндіктер қарастырылады.

Хабар 24 телеарнасы