389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшақ билеттерінің бағасы қайта қаралады

  • 220
  • UPD: 17:52, 09.09.2019

Елімізде әуе билеттерінің бағасы қайта қаралады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арзан билеттер көп ұзамай сатылымға шығатынын жеткізді.

Бірақ уақытымен бағасын нақтылай алмады. Ведомства өкілдерінің айтуынша, бағаның жоғары болуына тасымалдаушы ұшақтың тапшылығы мен отандық жанармайдың жетіспеушілігі себеп болды. Енді осы мәселені шешу үшін «Эйр Астана» мен «Қазақ эйр» компанияларына қаржылай көмек беріледі. Ол әуе компаниларының ұшақ алуына жұмсалады. Сондай-ақ энергетика министрлігімен бірлесіп, керосин бағасын арзандату жолдары да қарастырылып жатыр.

Айбек Әлжанов, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

- Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытын жаңғыртқаннан кейін, керосиннің ішкі сұранысы толық қанағаттандырылды. Ресей отынына тәуелділікті азайттық. Осының арқасында Қазақстандағы сұйық отын бағасы Өзбекстан, Қырғызстан, Новосибир әуежайларындағы керосиннен арзандау болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы