389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушылар жылы және жайлы қатынауы үшін 150 жаңа вагон сатып алынады

  • 219
  • UPD: 18:22, 09.09.2019
Жолаушылар жылы және жайлы қатынауы үшін 150 жаңа вагон сатып алынады

Жолаушылар тасымалын жайлы әрі оңтайлы ету мақсатында еліміз жыл сайын 150 жаңа вагон сатып алады.

Жоспар 2025 жылға дейін жасалған. Биылдың өзінде 63 вагон алынып, қырығы елге жеткізілді. Қыркүйек айының соңына дейін тағы 23-і әкелінеді. Бұл туралы көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді. Оның сөзінше билет тапшылығын қолдан жасайтындарға қарсы нақты қадамдар жасалады. Соның бірі Әкімшілік кодекске өзгеріс енгізу арқылы алып-сатарларға қарсы шараларды қатаңдату. Сондай-ақ тұрмыстық жемқорлықты жойып, билеттердің әділ әрі ашық сатылуын қамтамасыз етуге бағытталған жол картасы әзірленді.

Жәнібек Тайжанов, ҚР ИИДМ көлік комитеті төрағасының орынбасары:

- Бүгінге дейін жасанды билет тапшылығын жоюмен айналысатын арнайы жұмыс тобы жасақталды. Электронды кезек күту жүйесі іске қосылды. Бақылаушы топтың құрамы жаңарды. Өтініштерді қабылдау немесе қайта рәсімдеу ережелері нақтыланып, талаптар күшейтілді.

Хабар 24 телеарнасы