386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық студент «сыпайы қоқыс жәшігін» ойлап тапты

  • 165
  • UPD: 22:06, 09.09.2019

Антон Шишканов қала бойынша адамдарға алғыс айтатын қоқыс орындарын орнатуды ұсынып отыр. «Бұл тұрғындарды тазалыққа баулиды» дейді жоба авторы. Бұған халық дайын ба? 

Болат Айтжанов жұмысы таңғы 8-ден басталады. Ол күнбе-күн көшелер мен көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын тазалайды. Айтуынша, адамдардың артынан көп қоқыс қалады. 

Болат Айтжанов, аула сыпырушы:

- Кісілерден байқаймын, әсіресе жастар келеді де шылым, темекі тартып тұртады. Соларды алады да андай жәшіктерге тастамай, кейбіреулері алады да алыстан лақтырып кетеді. Жас жігіттердің, қыздардың мәдениеті төмендеу. 

Это наверно внутренний психологический барьер, люди думают, что их будут стыдить, что они опустились, подняли мусор, испачкали руки, что с ними теперь нельзя здороваться. 

Жастардың бәрі бірдей емес. Мысалы, студент Антон Шишканов қоқыс лақтырған адамдарға алғыс айтатын жәшіктер ойлап тапты. Жоба қағаз жүзінде ғана. Іске асыруға инвестор керек. 

Антон Шишканов, колледж студенті:

- Қоқыс жәшігінен қозғалыс датчигі арқылы «рахмет», «алғыс айтамын» деген сөздер шығады. Бұл адамдарға әсер етеді. Іштей қанағаттандырады. Бірте-бірте бәрі үйреніп кетеді. 

Петропавлдықтар күл-қоқысты сұрыптап лақтыруға үйреніп жүр. Қала бойынша пластик, шыны, қағаз қалдықтарына арналған контейнерлер қойылған. Оның бәрі зауытта қайта өңделеді.

Екатерина Шарапаева, қоқыс өңдеу зауытының маманы:

- Бұны қаладағы өндіріс деуге болады. Яғни тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды лақтырады. Ал біз оны қайта өңдейміз. 

Көшедегі адамдардың күл-қоқысты оңды-солды тастайтыны жасырын емес. Жерде жатқанын да екінің бірі көтермесі анық. Оған біздің де көзіміз жетті. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Міне біз лақтырған чипсиді ешкім жинаған жоқ. Қасынан ондаған адам көрмегендей өтіп кетті. Тазалық та мәдениеттің бір белгісі екенін ұмытпайық.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы