389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда 2000-ға жуық адам латын әліпбиінде ашық диктант жазды

  • 490
  • UPD: 23:46, 10.09.2019

Бүгін екі мыңға тарта маңғыстаулық тұрғын таңсәріден оқушы партасына жайғасты.

Қазақ тілінен латын графикасына негізделген ашық диктант бір сағатқа созылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатысушылар қатарында оқушылар, студенттер мен әртүрлі сала мамандары бар. Білім сынағының нәтижесі республика бойынша 20 қыркүйекте белгілі болады. Ақтауда осы іс-шараның өтуіне тікелей атсалысқан облыстық Ассамблея өкілдері үздік жұмыс авторларына сыйлық берілетінін айтып отыр. «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында қолға алынған білім сынағы аймақтағы бес аудан мен Ақтау және Жаңаөзен қалаларында өтті. Облыс орталығындағы Достық үйіне жүзге жуық адам келді. Олардың көпшілігі - жастар. Бір қуантарлығы, осы аймақтағы өзге ұлт өкілдерінің дені мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, жаза алады. Диктанттың сауатты жазылуын арнайы құрылған комиссия мүшелері тексереді.

Самир Сейфулаев, студент:

Диктанттың тақырыбы - «2019 – Жастар жылы» деп аталды. Расында да, биыл жастар жылы. Яғни, болашақ біздің қолымызда. Ал қазақ тілінің болашағы латынша айтылып және жазылуында. Осы арқылы мемлекеттік тіліміз әлемге танылады. Бүгінгі диктант маған ұнады. Жақсы баға аламын деп ойлаймын.

Амангүл жайылханова, облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры:

- Шараның негізгі мақсаты – Қазақстанымызда енгізіліп жатқан латын әлпбиін насихаттау болып табылады. Қазірден бастап біз балалардың, мына диктантқа қатысушылардың деңгейін білгіміз келеді. Қай кезде де адамның білім деңгейін саралап білген дұрыс. Мына қатысып отырған адамдарды ынталандыру мақсатында міндетті түрде оларды атап өтетін боламыз. Және де қандай деңгейде жазылғаны жөнінде республикаға ұсынылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы