387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда жарылыстан жараланғандардың жағдайы белгілі болды

  • 158
  • UPD: 16:02, 11.09.2019

Түркістандағы жарылыстан 11 адам зардап шеккен. Облыстық төтенше жағдайлар департмаентінің хабарлауынша, 6 өрт сөндіруші медициналық көмекке жүгінсе, 3 тәртіп сақшысы мен 2 қала тұрғынына медициналық жәрдем көрсетілген.

Қалалық орталық ауруханаға 5 азамат жеткізіліп, біреуі кері қайтарылған. Қазір қалалық орталық ауруханада 4 науқас жатыр. Олардың біреуі күйіктен кейінгі шок жағдайында жансақтау бөліміне түскен. Қалалық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Әмірхан Сандыбаевтың айтуынша, оған барлық көмек көрсетілген. «Қазіргі жағдайы орташа дәрежеде. Травматология бөліміне ауыстыруды жоспарлануда»,- дейді. Қалған үш өрт сөндірші де травматология бөлімінде жатыр. Олардың екеуін күйік шалған, ал біреуінің бұғанасы сынған. Қазір олар қажетті ем шараларын алуда. «Жағдайлары орташа дәрежеде. Өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ» дейді дәрігерлер. Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше кешкісін Түркістан қаласындағы Саттарханов көшесінде орналасқан «ROYAL GRAND» қонақүйінің аумағында жарылыс болды. Анықталғандай, қонақүйдің артқы жағында газ цистернасын толтыру кезінде газ тасымалдайтын автокөлік жарылған болатын.

Әмірхан Сандыбаев, қалалық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

- Кеше облыстық комисологтың рекомендациясы алынған. Бүгінгі күні жағдайлары орташа, ары қарай емін жалғастырады. Ауыстыратын жағдай болғанда ауыстырамыз. Қазіргі жағдайда оның қажеттілігі жоқ. Қала тұрғындары мен қарапайым тұрғындарыдан ауруханаға көмекке жүгінгені жоқ. Тек осы төрт өрт сөндіруші ғана.

Хабар 24 телеарнасы