387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде өзендердің арнасын кеңейту жобасы қайтадан талқыланып жатыр

  • 89
  • UPD: 08:04, 12.09.2019
Ақтөбеде өзендердің арнасын кеңейту жобасы қайтадан талқыланып жатыр

Ақтөбедегі өзендердің арнасын кеңейту жобасы қайтадан қоғамдық талқылауға ұсынылады.

Бұл туралы «Хабар 24» тілшілеріне ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов жеткізді.

Қазір көпшіліктің шамбайына батқан бастама сарапшылардың қарауында жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, шаһарды кесіп өтетін өзендерді кеңейту жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырған еді. Жергілікті белсенділер тал-теректердің оталып, су қоймалардың сарқылуына мердігерлерді кінәлап отыр. Бұл мәселені президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң бақылауға алатынын мәлімдеді. Аталмыш жайтты тексерген прокурорлар қылмыстық әрекеттерді де анықтап, 7 іс қозғаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, елімізде «Экологиялық кодекстің» жаңа жобасы талқылануда. Ақтөбеде өткен кезекті отырысқа жергілікті қоғамдық бірлестік өкілдері де қатысты. Тұрғындар қоршаған ортаға залал келтірген мекемелерге салынатын айыппұл көлемін арттыруды ұсынып отыр.

Ахметжан Пірімқұлов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

Бүгін осы жерде көтеріліп жатқан сұрақтар өте маңызды. Халықтың шешімінсіз ондай күрделі үлкен мәселелер қабылданбайтын болады. Соңғы мына Ақтөбе өңірінде көрсетіліп жатқан тәжірибе бойынша егер біз халықты тыңдап, халықтың көтерген сұрақтарын ескеретін болсақ, бұл өзінің дұрыс нәтижесін табады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы