385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы машина құрастырушылар форумына әлемнің 20 мемлекетінің өкілдері келді

  • 122
  • UPD: 13:18, 12.09.2019
Елордадағы машина құрастырушылар форумына әлемнің 20 мемлекетінің өкілдері келді

Елордада Қазақстан машина құрастырушыларының VII форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы жиынның тақырыбы – «Машина құрастыру – Қазақстанды индустрияландырудың драйвері» деп аталады. Форумға қатысу үшін қазақстандық мамандардан бөлек әлемнің 20 мемлекетінің өкілдері арнайы келді. Олар өзара тәжірибе алмасып, форум алаңында іскерлік байланыстар орнатпақ. Жалпы жиынға қатысушылар 2019-2024 жылдарға арналған жол картаны негізге ала отырып, отандық машина құрастыру ісін дамытудың жолдарын іздейді.

Хабар 24 телеарнасы