386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Әскери баспана». Ұлттық ұланның 450 қызметкері баспаналы болды

  • 116
  • UPD: 08:11, 13.09.2019
«Әскери баспана». Ұлттық ұланның 450 қызметкері баспаналы болды

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында атыраулық әскери қызметкер қоныс тойын тойлады.

Ұлттық гвардияның қызметкері, 7 баланың әкесі Қанат Ғазизов «Әскери баспана» бағдарламасы аясында аумағы 210 шаршы метр болатын кең сарайдай үй алып, қуанышқа кенеліп жатыр. Аталған жоба талаптарына сәйкес әскерилердің жеке есепшотына ай сайын қомақты қаржы түсіп тұрады. Отбасындағы әр адам басына 18 шаршы метрге жоспарланғандықтан, пәтер көлемі отбасы мүшелерінің санына байланысты бөлінеді. Осындай талаптарға сәйкес Қанат Ғазиовтың үйі 23 миллион теңгеге бағаланды. 

Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары:

– Атырауға 2019 жылы 24 пәтер бөлінген. Оны бірінші көп балалы отбасыларға беріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы