385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СМУ басшылығы үндістандық түлектердің дипломы жарамсыз деген ақпаратты жоққа шығарды

  • 118
  • UPD: 09:52, 13.09.2019
СМУ басшылығы үндістандық түлектердің дипломы жарамсыз деген ақпаратты жоққа шығарды

Семей медициналық университетінің басшылығы үндістандық түлектердің дипломы жарамсыз болып қалды деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Осыған байланысты қазір олар Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне, прокуратураға шағым жолдады. Оқу орнының ректоры Ерсін Жүнісовтың айтуынша, маусым айында университетті халықаралық келісімдерге сәйкес Үндістан және Пәкістан мемлекеттерінен келген 91 студент тәмамдап шыққан. Еліміздегі білім заңына сәйкес, оларға «медицина бакалавры» дипломы беріліп, ол халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бірнеше мәрте тексеруден өтіп, рәсімделген. Тіпті қателік кеткеннің өзінде өтінішпен келген түлектің құжатын заңға сәйкес түзетіп беруге мүмкіндіктер қарастырылғанын айтады. Осыдан бірнеше күн бұрын Nur Otan партиясының облыстық филиалы саяси кеңесінде бұл мәселе өткір сынға алынып, аймақ басшысы Даниал Ахметов университет ректорына сөгіс жариялаған болатын.

Ерсін Жүнісов, Семей медициналық университеті ректоры:

– Тікелей бізге бірде бір түлек келген жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы біз көріп отырмыз, барлығы рәсімделген. Яғни дипломның барлығында толтыру ережесі толық сақталған. Арыз-шағымдардағы қолдар мен бітіріп кеткен түлектердің диплом алғандағы паспортта қолдары сәйкес келмейді. Яғни бұл – жалған арыз. Біз облыстық ішкі істер департаменті және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жіберуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы