386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында медициналық колледж ашылды

  • 169
  • UPD: 17:23, 13.09.2019
Жамбыл облысында медициналық колледж ашылды bbc.com

Меркі ауданында жаңа оқу жылында Жамбыл облыстық медициналық колледж өз жұмысын бастады.

Аталмыш оқу ордасы Алматыдағы медициналық колледждің бір корпусы саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Колледж директорының орынбасары Назира Керімқұлова білім ордасының материалдық-техникалық базасымен таныстырып, тыныс-тіршігін баяндады.

«Алматы медициналық колледжі көп жылдардан бері жұмыс істейтіні белгілі. Осыдан бір жыл бұрын Шу қаласында колледждің филиалы ашылған еді. Енді міне осы колледждің Меркі ауданында корпусы ашылып, жаңа оқу жылында 200 білімгерді қабылдап отыр. Аудандағы медициналық колледж үш бағытта студенттерге білім беруде. Олар: фармация, емдеу ісі, медбикелік іс. «Фармация» бөлімін бітірген азамат кез келген дәріханаға фармацевт, фармацевтикалық компания өкілі, маркетолог қызметіне жұмысқа тұра алады», – дейді Назира Керімқұлова.

Сондай-ақ, «Емдеу ісін» бітірген түлектер фельдшер мамандығын алып шығып, емханаларда, амбулаторияда өз бетінше қабылдап, емдеу және тексеру жоспарын тағайындап, профилактикалық шараларды іске асыра алады. Ал, «Медбикелік іс» бөлімін бітірген студенттер дәрігерлік процестердің барлық қыр-сырын меңгеріп шығады. Колледжден соң біліктілігі мен білімін жоғары оқу орнында шыңдап, жалғастыруға мүмкіндік алады. «Бұл колледжде оқыған балаларға әскери билет беріледі. Колледжге 9-сыныптан соң келген бала үш жыл он ай оқиды. Ал 11-сыныптан соң келген оқушы екі жыл он ай бойы білім нәрімен сусындайды. Сонымен қатар, мұнда медициналық білім алуға ниет білдірген 55 жасқа дейінгі азаматтардың кешкі топта білім алуына жағдай жасалған. Білімгерлерге біліктілік санаты жоғары, еңбек өтілі 10-20 жыл болған ұстаздар дәріс береді», – дейді Н.Керімқұлова.

Хабар 24 телеарнасы