389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Еуразия форумы басталды

  • 188
  • UPD: 15:27, 16.09.2019
Елордада Еуразия форумы басталды

Елордада еліміздегі білім сапасын арттыруға арналған жыл сайынғы Еуразия форумы басталды.

Биылғы жиынның тақырыбы – Цифрландыру арқылы өзгеру. Онда отандық мамандар жоғарғы оқу орындарының базасында онлайн оқу курстарын ашу технологиясын талқылап жатыр. Бұл ретте жиынға арнайы келген 6 елдің өкілдері өз тәжірибелерімен бөліспек. Форум жұмысы 2 бөлімнен тұрады. Әуелі тақырыптық панельдік сессиялар жоспарланған. Содан соң жиынға қатысушылар өзара пікір алмасуға мүмкіндік алады.

Саясат Нұрбек, Nur Otan партиясы қоғамдық саясат институтының жетекшісі:

– Дамыған елдер 2015 жылдан бастап «Білім 2030» жобасын бастады. Ол жобаның аясында 5 үлкен мемлекет қазір эксперименталды түрде өз білім модельдерімен эксперимент жасауға, яғни келесі 5-10 жылда осы қалыптасқан білім моделі басқа модельге көшу сұрағы туындайды. Сондықтан осы мәселелерді біз де талқылауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы