389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы су қоймасы балық шаруашылығын дамытуға септігін тигізеді

  • 214
  • UPD: 09:30, 17.09.2019
Қызылорда облысындағы су қоймасы балық шаруашылығын дамытуға септігін тигізеді

Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Күміскеткен» су қоймасы салынса, балық шаруашылығын дамытуға мол мүмкіндік туады.

Бүгінде ауданда 58 жеке кәсіпкер өзен, көлден су маржанын сүзеді екен. Балық кооперативі де құрылған, ол 51 тоннаға дейін өнім өңдейді. Бірақ мақсат бұдан да ауқымды. Ауданда балық өңдеу көлемін 500 тоннаға жеткізіп, арнайы кластер құру көзделіп отыр. Келер жылы өңірде Сырдария деңгейін реттеу үшін «Күміскеткен» су қоймасы салынуы тиіс. 

Әшім Оразбекұлы, Шиелі ауданының әкімі:

- Осы су айдынының 600 млн. кубтық біздің ауданымызға келуіменен біз осы балық шаруашылығын дамытамыз ба деген ой бар. Қазірдің өзінде кооператив жұмыс істеп жатыр. Шағын цех жасап қазір алдымыздағы айдан бастап балықты өндіріп шығаратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы