389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жол сапасына қатысты бақылау күшейтіледі

  • 163
  • UPD: 13:22, 17.09.2019

Жол сапасын күшейту мақсатында өткен жылы ұлттық сапа орталығы құрылып, мердігерлердің жұмыстары жіті қадағалауға алынды.

Бұған қоса арнайы мекеме тек республикалық маңызы бар жолдарды ғана емес, қала ішіндегі, тіпті, елді-мекен ішіндегі жолдарға дейін тексеріс жүргізіп, талаптар бұзылған жағдайда тиісті шараларды қолданады. 

Ғабит Шымырбаев, ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті жергілікті желіні дамыту басқармасының басшысы:

- Жол сапа орталығы қорытынды бергенде ол бойынша тапсырыс беруші мердігер компанияға тиісті шаралар қолданады. Оның лицензиясын алып қояды, қара тізімге енгізеді.

Хабар 24 телеарнасы