389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роман Скляр «Эйр Астана» ұшағынан шыққан ақауға қатысты пікір білдірді

  • 355
Роман Скляр «Эйр Астана» ұшағынан шыққан ақауға қатысты пікір білдірді inform.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Эйр Астана» ұшағынан шыққан ақауға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды. Біз мұның барлығын анықтайтын боламыз. Тергеу нәтижесін қосымша хабарлаймыз. Әрбір оқиғаны жеке-жеке қарастырамыз. Тергеу жүріп жатыр, егер осындай жағдай жүйелі түрде қайталана берсе тиісті шаралар қабылдаймыз», – деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, «Эйр Астана» компаниясының Нұр-Сұлтан – Бейжің бағытында жолға шыққан Aibus A321neo ұшағы әуежайға қайтып оралған болатын.

Ұшақта болған 128 жолаушы жергілікті уақыт бойынша сағат 4.00-де басқа рейспен сапарларын жалғастырған.

Хабар 24 телеарнасы