389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күзгі егін жинау науқанына қанша жанар-жағармай бөлінгені айтылды

  • 222
  • UPD: 17:26, 17.09.2019
Күзгі егін жинау науқанына қанша жанар-жағармай бөлінгені айтылды sputniknews.kz

Биыл күзгі егін жинау жұмыстарына 395 мың тонна дизель отыны бөлінген.

«Қазіргі уақытта 395 мың тонна дизельдің 258,3 мыңы шаруашылықтарға жөнелтілді», – деді  ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ал қазан айында 19,6 мың тоннаны жөнелту жоспарлануда.

Дизель отынының ұсынылатын бағасы күзгі егін жинау жұмыстары кезеңінде 198 мың теңге/тоннаны немесе литріне 164 теңгені құрап отыр.

Ал осы уақытқа дейін дизель отыны Шымкент зауытында тоннасы 212 мың теңгеге, Атырау зауытында 213 мың теңгеге сатылған. Энергетика вице-министрінің айтуынша, бұл бағаны төмендету туралы келісімдер жасалып, 198 мың теңгеге тұрақтаған.

Авторы: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы