389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында өткен жылдан бері қызылшамен 764 адам ауырған

  • 235
  • UPD: 09:24, 18.09.2019
Атырау облысында өткен жылдан бері қызылшамен 764 адам ауырған

Атырау облысында қосымша иммундау жұмыстары аясында 6 жасқа дейінгі балалардан бөлек 20-29 жас аралығындағы 50 мың адам вакцина алуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы өткен жылдан бері мұнайлы өлкеде қызылшамен 764 адам ауырды. Оның 73%-і балалар. Ал ауру жұқтырғандар мен вирус таратушылардың 16%-і ата-аналары түрлі діни көзқарастарына байланысты баласына вакцина салдырмағандар. Облыс бойынша қазір 68 мың доза вакцина дайын тұр. Облыста ресми тіркелген 630 мың тұрғынның кем дегенде 10%-і қызылша мен қызамыққа қарсы екпе алуы тиіс. Ал жыл басынан бері облыс бойынша 9-10 айлық 8 мыңға жуық сәбиге қызылшаға қарсы міндетті екпе салынған.

Айғаным Нұрсадық, қала тұрғыны:

- Менің кішкентай балаларым болғандықтан, екпе алуға тиістіміз. Сондықтан екп алып жүрміз. Бізге аурулар келмес үшін, қауіпті болмас үшін осылай екпе алып отырмыз. Осыған дейін ауырған жоқпыз, бұдан кейін де ауырамыз деп ойламаймын.

Гүлназ Ербатырова, эпидемиялық қадағалау бөлімінің басшысы:

- Екпеден бас тару нәтижесі ол баланың қызылша ауруының асқынуына жол береді. Ол жерде пневмония, мидың қабынуы, энцефалит, сонымен қатар тіпті баланың көзі көрмей қалуы сияқты асқынуларға алып келеді. Әзірге факт болған жоқ, бірақ өлім жағдайына дейін әкеліп соқтыруы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы