389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жерді тиімді пайдаланудың жаңа ережесі енгізілмек

  • 210
  • UPD: 10:20, 18.09.2019
ШҚО-да жерді тиімді пайдаланудың жаңа ережесі енгізілмек

Соңғы 7 жылда Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы аумақтарын тиімді пайдаланбаған шаруалардан 2,5 миллион гектар жер қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбі мақсатсыз немесе мүлде игерілмей арам шөп басқан. Бүгінге дейін мемлекетке қайтарылған жерден 1,5 миллион гектары қайтадан конкурсқа шығарылды. Алды кейбір агрокешен иелеріне беріліп қойды. Ал биыл шілде айынан бастап жерге мониторинг жүргізудің жаңа ережесі енгізілді. Жер иесі оны мақсатты пайдаланып отырғаны жыл сайын тексеріліп отырмақ. Мұндай мониторниг 5 жыл қатарынан жүргізіледі.

Виктория Барсукова, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Берілген жердің сапасын сақтау және көрсетілген мақсат бойынша пайдалану үшін мониторинг жасалады. Яғни 5 жыл бойы жердің құнарын жоғалтпай, тыңайтып отырса, онда дұрыс пайдаланып отыр деген сөз. Сондықтан бұл жаңа ереже. Келер жылдан бастап осы жүйені енгіземіз.

Хабар 24 телеарнасы