389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Ресеймен бірлескен әскери жаттығулар өткізіп жатыр

  • 217
  • UPD: 15:21, 20.09.2019

Талдықорғанда Қазақстан мен Ресей әуе күштерінің бірлескен «Шығыс-2019» оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

Екі ел арасындағы мұндай жаттығулар бұған дейін біздің елімізде  2011-ші ұйымдастырылған. Биылғы шараның ауқымы кеңейіп,  штабтық және тактикалық жаттығуларға  баса мән берілуде. Әскери полигоннан тілшіміз  Жандос Айтбайұлының репортажы. 

Қазақстан мен Ресей әуе күштерінің бірлескен «Шығыс-2019» оқу жаттығу жиыны биыл бір мезетте  Сарышаған мен Шығыс полигондарында өтіп жатыр. Арнайы тапсырмаларды орындау үшін ұшқыштар Талдықорған әскери әуежайынан көкке көтерілді. Биылғы шараға Қазақстан әуе күштерінің  бөлімдерінен Су-25 және Су-30 ұшақтары қатысуда. Ресей әуе күштерінен екі эскадрилья, Су-30  бен Су-34 ұшып келді. 

Жандос Айтбайұлы, тілші:

 -  Бұл ұшақ  2014 жылы біздің елге келген екен. Дүниежүзі бойынша Ресейде және біздің Қазақстанда ғана екен. Мамандар сөзіне сенсек әуеде 20 мың биіктікке дейін самғай алады. Және жылдамдық көрсеткіші сағатына 2500 шақырым. Және әскери жүк көтеру мүмкіндігі 8 тонна. Осы Су-30 ұшағының қыр-сырын  қазақ жігіттері әбден меңгеріпті. Оны жаңа жаттығу жұмыстарында анық байқадық.

Көп функционалды Су-30 ұшағын тізгіндеген жігіттер  штабтық және тактикалық тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, қолбасшылардың алғысын алды. Ал биылғы «Армия ойындары-2019» халықаралық жарысында Су-25  ұшағымен бас жүлде алған майор Данияр Абдрамбаев  осы жолы біліктілігімен ерекшеленді.  

Данияр Абдрамбаев, 55 652 әскери бөлімінің ұшқышы:

- Сарышаған полигонына ұшып бардық. Жердегі нысандардың көзін жойдық деп есептеуге болады. Әрқайсысымыз екі екі С-24 басқарылмайтын зымырандармен аттық. Қолбасшылардың қойған тапсырмалары орындалды.  

Жаттығу кезінде далалық жағдайда спутниктік байланыс орнатылып, Интернет желісі де іске қосылды. Басқару орталығындағы баяндаулар мен тыңдаулар заманауи бейнеконференция желісін қолдану арқылы жүзеге асты.

Дәурен Қосанов, ҚР әскери әуе күштерінің қолбасшысы:

- Осы оқу жаттығуға қатысып жатқан ұшқыштар аға лейтнанттан бастап, подполлковник  шеніне дейін қатысады. Жас мамандар да бар араларында. Бірінші сыныпты ұшқыштар да бар.

«Шығыс - 2019» жаттығуларының шеңберінде  екі ел ұшқыштары әуедегі  қақтығыстарды  тұрақтандыруға арналған операцияларды бірлесіп жүргізді. «Бұл шараны өткізудегі басты мақсат, екі елдің қорғаныс саласындағы ынмақтастығын нығайту және ұшқыштардың тәжірбесін шыңдау» дейді мамандар. Әскери әуе күштерінің бірлескен оқу-жаттығу жиыны 21 қыркүйекте аяқталады.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы