389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пойызда шылым шеккен 79 тұлғаға айыппұл салынды

  • 776
  • UPD: 16:20, 20.09.2019
Пойызда шылым шеккен 79 тұлғаға айыппұл салынды inform.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері қоғамдық орында шылым шеккен 2700 қазақстандыққа айыппұл салды.

Бұл туралы ҚазАқпарат департаменттің дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жыл басынан көліктегі полиция өкілдері құқық бұзған 39 793 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде қоғамдық орында темекі шеккен 2719 азамат бар. Мысалы, 19 қыркүйекте «Маңғыстау-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызында шылым шеккен 2 ер адам жауапқа тартылды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген ресми мәліметте.

Еске салсақ, 28 тамыздан бастап Қазақстанда жолаушылар пойызында темекі шегуге толық тыйым салынған.

Осы аралықта көлік полицейлері тыйымға құлақ аспаған 79 адамды жауапқа тартқан.

Хабар 24 телеарнасы