389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында түсікті жасырын жасайтын әйелдердің қатары артты

  • 230
  • UPD: 20:23, 21.09.2019

Түркістан облысында түсік жасатушылар көп. Мәселен, өткен жылы өңірде үш жарым мыңнан астам қыз-келіншек аборт жасатқан.

Бұл облыстық денсаулық сақтау басқармасы растаған ресми дерек. Ал дәрігерге көрінбей жасырын әрекет жасайтындар тағы бар.

Мамандардың айтуынша, өз бетімен дәрі-дәрмектің көмегіне жүгініп, жүктілігін тоқтататындардың саны әлдеқайда көп. Әдетте түсік жасау үшін қолданылатын дәрілер гинеколог мамандардың нұсқауымен ғана қатаң тексерістен кейін жіберіледі. Түркістан облыстық тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің қызметкерлері облыс аумағында жоспардан тыс тексеріс жүргізу барысында медициналық мекемелердің бірінен түсік жасату үшін қолданылатын дәрі тапқан.

Дәулет Тағыбаев,  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қб департаменті басшысының орынбасары:

- Түркістан облысында жоспардан тыс тексеру барысында медициналық мекемені ҚР аумағында тіркелмеген және медициналық мақсатта қолдануға болмайтын дәрілік зат анықталды. Осы анықталған затты біздегі денсаулық сақтау туралы кодексінің 71 бабы және 75 бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылып, Түлкібас аудандық сотына жолданды.

Хабар 24 телеарнасы