389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да «Туған жер» бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асты

  • 223
  • UPD: 20:13, 22.09.2019
ШҚО-да «Туған жер» бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асты

Шығыс Қазақстан облысында «Туған жер» бағдарламасы қарқын алды. Үржар ауданының Қытаймен шекарадағы Бақты ауылында балаларға арналған ойын алаңы іске қосылып, жұрт көңілі шат-шадыман болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ауылдың іскер азаматтары өз қаржыларына бос тұрған жерге әр түрлі әткеншек, спорт жабдықтарын қойған. Қазір балдырғандар асыр салып ойнап, тұрғындар серуендеп демалуда. Бұған дейін кәсіпкерлер мешіт салып, кіреберіске қақпа орнатқан. Науалы ауылында да саябақ ашылып, көрікті мекенге айналды. Мұнда ойын алаңынан өзге субұрқақ, сахна бар. «Мұндай жобалар келесі жылы да жалғаса береді», - дейді жауапты мамандар.

Тұрсын Сансызбаев, ауыл тұрғыны:

- Ауылдың көркейгені – арттағы жастарымызға, бала-шағаларға енді бұл мұра болады. Алдындағы ағалардың істеп кеткендерін арттағы балалар сонымен үйренеді, түсінеді. Қуаныштымыз, әлі де көбейе берсе, жылдан жылға көмек қылса. Мына Бақты ауылы деген Қытай Республикасынан келген адамдар мұнда ең бірінші ауылдың көркімен бүкіл Қазақстанның көркін көрген болады.

Бекзат Мақсатқызы, Үржар аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы:

- Қазіргі таңда 89 миллион 900 мың теңгеге бағаланған жобаның 64 миллиоға жуық 34 жобасы іске асты. Жыл соңына дейін кезең-кезеңімен іске асатын болады. 2020 жылға өз көмегін тигіземін деген әрбір ауылдық округте біз әрбір жобаларын ауыл әкімімен бірігіп, жинап алатын боламыз. Сол жобалардың іске асуын 2020 жылы атқаратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы